Өзіндік бағалау » КМҚК "N165 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№165 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 227-48-90
Әдіскер:
+7(727) 227-48-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сәуір
2022

Өзіндік бағалау

Алматы қаласы Алатау ауданы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын

№165 бөбекжай-балабақшасының

өзіндік бағалау нәтижесінің қорытындысы


  1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы


№165 бөбекжай-балабақшасында   өзіндік  бағалау 2022 жылы сәуір айының 14-нен 20-сы аралығында өтті. Алматы қаласы, Алатау ауданы   Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «№165 бөбекжай-балабақшасы»  2010 жылдан бастап жұмыс істейді.

Ғимарат түрі - 2 қабатты.

Жер көлемі - – 1,3396 га.

Ғимарат көлемі -6031,1 м2

Жоба қуаттылығы – 390 орын.

Оқыту тілі – қазақша

Білім мекемесінің аттестациядан өтетін жылы - 2022 жыл. Қазіргі таңда балабақшада 16 топ  жұмыс істейді. Барлығы бюджеттік есептегі топ. Тізім бойынша - 397 бала тәрбиеленуде. Әр топ балалардың жас ерекшелігіне сәйкес топтастырылған.

Балабақшаның жұмыс уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері - сағат 8:00-ден 18:30-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Балалар үшін ән-күй, дене шынықтыру залы, хауыз, медициналық кабинет, әдістемелік кабинет, психология кабинеті, логопед кабинеті, ашық спорт алаңы баланың жас ерекшелігіне, заман талабына сай жабдықталған топтар бар. Сондай-ақ асхана, тамақтану, кір жуатын, кір үтіктейтін бөлмелері жыл бойы қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  09.07.2021 жылғы № 59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» бойынша санитарлық қағидалары мен нормаларына сәйкес, балабақша ауласында балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған серуен алаңдары бар. Педагогикалық ұжымы  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2018 жылғы 31 қазандағы № 604 ҚРҮҚ), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына) ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына 1-қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы) сәйкес ұйымдастырылды. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:

- Өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар:

- Апталық циклограмма:

- Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің тиімділігі, сондай- ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі (бастапқы қыркүйек айында, аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр айында).

Балабақшада халық педагогикасы элементтерін ұлттық тәрбие мен жүйелі түрде кеңінен пайдаланады. Халқымыздың ауыз әдебиетін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін өндіре отырып, имандылық, әдептілік, елді, жерді сүю, ата-ананы сыйлау т.б халқымызға тән адамгершілікке тәрбиелеу барысында жұмыс жүргізіледі.

      Балалардың ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамыту үшін психологиялық тренингтер, релаксация, жобалау, әңгімелесу әдістері қолданылады. Оқу тәрбие жұмыстарында алгоритм кестесі, жеке және дербес жұмыстар, интерактивті оқыту шараларын пайдаланып отырамыз. Балалар үшін оқулықтар, дидактикалық құралдар жеткілікті. Дамытушы ойындар, дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындары, қимылды, ұлттық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын, шығармашылығын дамытамыз. Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық микроклимат құру үшін көгалдандырылып, гүлді алаңқайлар, бұталар, отырғызылған. Балабақшаның медициналық бөлмесі керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызмет көрсету сапасы жоғары дәрежеде. Балабақшада тазалық-гигиеналық тәртіп сақтау жолы өте жақсы жолға қойылған. Күн тәртібі және балалардың тамақтану барысы үнемі сақталған. Жұқпалы аурулардан сақтану, болдырмау шаралары және сауықтыру-шынықтыру жұмысы жоспарлы жүргізілуде.

Емдік жұмыстары дәрігердің нұсқауымен жүргізіледі. 

Балалармен оксалин майын мұрынға жағу, нәрлеу мен жеміс-жидек шырындарын беру үнемі жүргізіліп тұрады. Жыл бойы «С» витамині тағамға қосылып беріледі. Балабақша медбикесі шынығу жұмыстары бойынша бақылау жүргізіп отырады. Ата-аналарға да пайдалы кеңестер беріп тұрады. Балабақша қызметкерлерін үнемі, уақытылы медициналық тексеруден өткізіп отырады.

Балалар балабақшаға төмендегі құжаттар бойынша қабылданады.

Балалардың жеке құжаттары:

1. Бала денсаулығының паспорты;

2. № 63 түрі;

3. № 26 түрі;

4. Балабақшаға жолдамалары;

5. Туу туралы куәліктің көшірмесі;

6. Ата-аналарының жеке куәлік көшірмесі;

7. Ата-аналармен келісім шарты.

8. Ата-аналарының жұмыс орнынан анықтама (көп балалы, әскери қызметкерлер)

Балабақшадағы оқу тәрбие жұмысын жақсартуда педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізіліп тұрады. Жас мамандармен кеңестерді жан-жақты қызықты өткізумен қатар заман талабына сай құнды пікірлер беріліп отырады.  Педагогтармен әдістемелік жұмыстың әртүрлі формалары (кәсіби конкурстар, байқаулар, біліктілік көрмелер  ұйымдастырылып тұрады. Оқу қызметінде мультимедия, бейнематериалдар қолданылады. Балабақша ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Балабақша психологы жас ата-аналарға арналған әр түрлі іс-шаралар жүргізеді. Ата-аналармен бірігіп әртүрлі спорттық мерекелер, көрмелер, ұйымдастырылып тұрады.  Жоғарғы топ тәрбиешілері «Өзін-өзі тану» оқу қызметін өз топтарында өткізеді. Топтар заман талабына сай ақпараттық технологиялармен, әдістемелік кітаптармен және ойыншықтармен жабдықталған.

Ата-аналармен, тәрбиешілермен, балалармен балабақша педагог-психологы жылдық жоспар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отырады. Балалармен психодиагностикалық ойындар, жаттығулар, тренингтер, мониторинг жүргізіліп тұрады. Ата-аналарға кеңестер беріліп отырады. 

Балабақша қажетті мамандармен қамтылған. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдарда төмендегідей құжаттарды талап етіледі.

Қызметкерлердің құжаттары:

  1. Еңбек келісім шарты;
  2. Еңбек кітапшасы;
  3. Жеке тұлға қағазы;
  4. Диплом көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
  5. Жеке куәлік көшірмесі;
  6. Санитарлық кітапшасы;
  7. Сотталмағаны туралы анықтама.
  8. Дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталықтан анықтама
  9. Психикалық сауықтыру орталығынан анықтама

Сондай-ақ балабақшада ата-аналармен мектепке дейінгі мекеме арасында төлемақыға байланысты келісім-шарт жасалынған. Келісім-шарттың мақсаты: Ата-аналармен «№165 бөбекжай-балабақшасы» арасындағы байланысты анықтайды және балаларды тәрбиелеу, оқыту, денсаулығын қадағалап отыруды реттейді.

        ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жалпыға міндетті стандартын, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңды және КМҚК Жарғысын басшылыққа ала отырып, бір жағынан №165 бөбекжай-балабақша меңгерушісі, екінші жағынан ата-ана осы келісім шартқа қол қояды.

Келісім-шарт төмендегідей бөлімдерді құрайды:

1. Жалпыға жағдай;

1. Келісім шарт мәні;

2. МДҰ құқықтары мен міндеттері;

3. Отбасының құқықтары мен міндеттері;

4. Төлемақы тәртібі мен мөлшері:

  • Мемлекеттік қазыналық топтарда бір күндік төлем ақы – 900 (тоғыз жүз) тенге.

        «№165 бөбекжай-балабақшасы» ұжымының жеке іс-топтамасында барлық қажетті құжаттар (жеке іс-қағазы фотосуретімен, өмірбаяны, диплом көшірмесі, еңбек шарты, біліктілік дәрежесінің куәлігі, жеке куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталықтан анықтама, психикалық сауықтыру орталығынан анықтама, біліктіліктерін көтеру курстарынан өту куәліктері) жинақталған. Тәрбиешілердің және қызметкерлердің жеке еңбек кітапшасы мен жеке іс-құжаттары сейфте сақталады. Балабақшаның барлық қызметкерлерімен әр уақытта техникалық қауіпсіздік жөнінде нұсқаулар өткізіліп, тиісті нұсқаулық журналдарына тіркеліп отырады. Балабақшаның қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерімен және мекеменің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылған. Педагог мамандарды тіркеп отыратын кітап және бұйрық кітабы бар. Бұйрық кітабы мемлекеттік қазақ тілінде жүргізіледі. Құжаттарды тіркеу және қайтарып беру жұмыстары қатаң түрде жүргізіліп отырады. Мамандарды толықтыру, сапалық құрамының құжаттары мен сандық құрамына талдау жұмыстары жүргізілуде. Мектепке дейінгі ұжым педагогикалық мамандармен толық қамтылған. Өзіндік бағалау барысында мекеменің ішкі тәртібінің іс-әрекеттерін анықтайтын құрылтайшы құжаттардың бар екендігі тексерілді.

Мектепке дейінгі мекеменің ішкі тәртібін реттеуші төлқұжаттары:

  • Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, Алматы қаласының Әділет Департаменті, тіркеу №103581-1910-ГП Алматы қаласы 27.04.2010 жыл;
  • Бизнес сәйкестендіру (БСН): №100440020277
  • Алматы қаласы Білім басқармасының «№165 бөбекжай-балабақшасы» МКҚК-ның Жарғысы  БСН 100440020277 тіркелген күні 27.04.2010 жыл, Алматы қаласы Әкімдігінің 12.04.2010 жылғы № 2/237 қаулысымен бекітілді;
  • Техникалық төлқұжат № 2009/10192.  19.10.2009 жыл;
  • Тұрақты жер пайдалану құқығы, кадастрлық № 20-321-012-185
  • Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік медициналық қызметпен лицензия, берілген күні 27.12.2010 жыл, лицензияның № 0162304  әрекет мерзімі – шектеусіз.


Мекеме атауы

Мекен-жайы

Телефондары

Пошталық индексі

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

«№165 бөбекжай- балабақшасы»

Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ұлжан-1 ықш.ауданы, Жалайыри көшесі, 46 үй

8-727-227 -48-29

Факс: 227 -48-29

sadic165@ mail.ru


050061


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив