Оқу-әдістемелік жұмыс » КМҚК "N165 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№165 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 227-48-90
Әдіскер:
+7(727) 227-48-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сәуір
2022

Оқу-әдістемелік жұмыс

4. Оқу-әдістемелік жұмыс

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының жылдық жоспары, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы, базалық оқу жоспарындағы әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының ережелеріне сай жасалынған. Оқу жүктемесіне бес білім беру саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет». Мектепке дейінгі ұйымда білім және тәрбие беру үрдісінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен «Білім туралы» заңына сәйкес іске асырылуда.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын қолдану барысы, балалардың денсаулықты сақтау, тілдік-қатынастық, танымдылық, шығармашылық және әлеуметтік құзыреттілігінің дамуына бағытталған


Жылдық міндеттемелер

Оқу жылдары

Жылдық міндеттемелер

2018-2019

1. «Коммуникация» білім беру саласы бойынша балалардың музыкалық және халық ауыз әдебиеті арқылы  өзара қатынасқа қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу.

2. «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша     мектеп  жасына  дейінгі баланы триз технологиясы арқылы  бейнелеу өнерін тереңдете игерту


2019-2020


1. «Коммуникация» білім беру саласы бойынша балаларға өзара қарым-қатынаста эмоцианалдық-жағымды достықты қалыптастыруда өнер технологиясын қолдану негізінде ықпал ету.

2. «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша  педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін мектепке дейінгі оқыту мен дамытуда инновациялық, дидактикалық құрал «Лепбук»

2020-2021

1. «Денсаулық» білі беру саласы бойынша халық педагогикасының элементтерін пайдалану арқылы балаларға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. 

2. «Қатынас» білім беру саласы бойынша     педагогтардың 4К моделі бойынша мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді дамытуда инновациялық технологияларды қолдану.

2021-2022

1. «Қатынас» білім беру саласы бойынша балаларға өзара қарым-қатынаста эмоцианалдық-жағымды достықты қалыптастыруда өнер технологиясын қолдану негізінде ықпал ету.

2. «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша  педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін мектепке дейінгі оқыту мен дамытуда инновациялық, дидактикалық құрал «Лепбук»


Мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жеткіншек ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдағы аттестаттау екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – өзін-өзі бағалау; екінші кезең – аттестаттау комиссиясының жұмысы. Алғашқы бағалау мектепке дейінгі ұйымда әкімшілік, қызметкерлер және ата-аналармен іске асырылады. Өзін-өзі бағалау барысында төмендегідей жұмыстар іске асырылды; топтардың жалпы жағдайын бақылау, ата-аналармен сауалнамалар жүргізу, құжаттарды талдау. Өзін-өзі бағалаудың ең негізгісі топтардың жалпы жағдайын бақылау арқылы іске асырылды. Өзін-өзі бағалау барысында күн тәртібі сақталып, тәрбиешілер мен мамандар балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында дамытушы, дидактикалық, логикалық ойындарды, ойын әдіс-тәсілдері мен ойын жаттығуларды кеңінен қолданды. Балабақшамызда педагог мамандардың кәсіби шеберліктерін дамытуға, шындауға бағытталған іс-шаралар (педагогикалық кеңестер, ашық оқу қызметтері, семинар, кеңес, тренингтер) жоспарға сай өткізіледі. 

«Денсаулық» білім беру саласы бойынша 2021 жылдың бірінші жарты жылдық міндеттемесіне сай бағдарламалық талаптар ойдағыдай өз шешімін тапты. Мақсаты – балабақшада баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады. Соған орай денсаулық білім беру саласы бойынша балабақшамызда шынықтыру жұмыстары ойдағыдай жүзеге асырылды. Педагогтар дәстүрлі әдістер мен дәстүрден тыс құралдарды қатар қолданды. 

Дене шынықтыру оқу қызметі барлық топтарда мемлекеттік стандартқа сай өткізілуде. Жаз айларында жалаң аяқ жүру, сусындар мен шырындар ішу, дене шынықтыруды таза ауада өткізу, спорттық жарыстар мен ойын-сауықтар ұйымдастырылды. Мектепалды, ересек топтарда «Шынықсаң шымыр боласың», кіші, ортаңғы топтарда «Көңілді балалар» дене шынықтыру ойын-сауықтары, «Ертегілер еліне саяхат», «Спорт-денсаулық кепілі» атты тақырыптарда ашық оқу қызметтері өткізілді. Оған қоса «Алтын күз», «Көктем келді көңілді» денсаулық күндері мен «Біз суықтан қорықпаймыз» дене шынықтыру мерекесі өткізілді. Өздігінен қозғалу белсенділігіне келсек, кіші, ортаңғы топ балалары кейбір қимылдарды үлкендердің көмегімен орындаса, ересектер және мектепалды топ балалары өздері орындап, спорттық жаттығуларды, әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын өздері жүргізе алады. Балабақшадағы дене тәрбиесінде халық педагогикасының элементтері пайдаланылып, ұлттық ойындар ойнауға балалардың қызығушылығын арттырып отырады. 

«Қатынас» білім беру саласы бойынша бағдарламаның барлық бөлімдерінің ауызша қатынастың алуан түрлі құралдарын, дыбыстарды анық айтуды, өз ойын толық сөйлемдер құру мүмкіндіктері меңгертілді. Орыс тілді балаларға қазақ тілін үйретуде «Сиқырлы қалам» оқу кешенін қолдану өз нәтижесін көрсетті. Тілдік даму құралдары мүмкіндігінше толықтырылды. 

«Таным» білім беру саласы бойынша бағдарламалық талаптарға сәйкес балалардың білім деңгейлері салыстырмалы көрсеткіш бойынша көрсетілген. Педагогтар балаларға санау дағдыларын, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды, құрылыс, табиғи және қалдық материалдар мен конструктордың бөліктерінен құрастыруды, тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары жөнінде білімдерді кеңейтуді, креативтік ойлауды дамытуды меңгертті. 

«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша балалар сурет салу, мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын, командада жұмыс істей білуді, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды, өнер түрлері туралы қарапайым ұғымдарды, тәрбиеленушілердің дербес шығармашылық іс-әрекетін іске асыруды меңгерді. 

«Әлеумет» білім беру саласы бойынша балалар әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын игеруді, қоғамда өзін-өзі ұстай білудің адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуін, оларға құрметпен қарауды, дербестігін тәрбиелеуді, өзінің отбасына жақындық сезімін, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты қалыптастыруды, қазақ халқының, сондай-ақ басқа халықтардың тарихын, мәдениетін білу мен құрметтеуді, туған жер туралы туралы түсініктерін кеңейтуді, еңбек түрлері мен түрлі мамандық иелеріне қызығушылықты қалыптастыруды үйренді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив