МКҚК "№165 бөбекжай-балабқшасы" Ұжымның Игі істері
Игі іс жасау көрінісі адамның қасиетінің бірі. Март мерекесі қарсаңында "Март мейрімі" қайырымдылық іс-әрекетін жасау маңызды мәселенің бірі ретінде қарастырылып отыр. "Қайырымдылық білектен, мейірімділік жүректен" дегендей әрдайым көмек қолын созуға асығатын балабақшамыздың тәрбиешілері Асар дәстүрін жаңғырту мақсатында игі істер атқарды. Күйбең тіршілікте, қиналған сәтте адамдардың бір-біріне демеу болып, мейірім шуағын шашып, көмек қолдарын созған тәрбиешілерімізге көптен көп рахмет.