Оқу-тәрбиелік жұмыс
5. Оқу-тәрбиелік жұмыс
Қазіргі замандағы білім беру сапасы педагог-мамандардың кәсіби шеберліктеріне, тәжірибесі мен біліміне байланысты. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық құрылымның сапасы сұрыпталу бойынша жүргізілінеді. Қызметкердің лауазымдық міндеттері мекеме жарғысымен, мектепке дейінгі мекеме тәртібіне сай нормативтік-құқықтық құжаттарға сай, уақытылы, парасатты, жүйелі іске асырылады. Мектепке дейінгі мекеменің оқу жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың ережелеріне сай жасалынған. Тәрбиеленушілердің оқу қызметінің ұзақтығы мен жас ерекшелігі ескерілген. Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген. Оқу қызметінің тиімділігі балалардың жағымды көңіл-күйіне байланысты болады. Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі педагогикалық кеңесте және 5 минуттық жиналыстарында қаралып отырылады.
Ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге, рухани және дене тәрбиесінің жетілуіне педагогтардың тәрбие беруде ықпалы зор.
Тәрбиешілер, мамандар балаларға берілетін білімнің сапалылығына, меңгеруіне жеңіл де тиімді болуына әртүрлі ойындар, көркем де әдемі көрнекіліктерді, ғажайып сәттерді, жаңашыл тәсілдерді енгізіп, білім алу қажеттілігін ынталандырады.
Оқу-тәрбие жұмысында жеке тұлғаны адамгершілікке, ақыл-ойының және сана сезімінің жетілуіне, рухани байлығын және эстетикалық сезімінің дамуына қор жинақталуына жағдай жасалынған.
Көрсетілген мақсатқа жетуде келесі қызмет түрлерінде іске асырылады:
- балаларды тереңдетілген тұлғалық-бағдарлы тәрбиелеу және оқыту, мектепке дайындау, баланың физиологиялық және психикалық денсаулығын нығайту, түзету және қалыптастыру;
- балаларды жан-жақты дамыту, балалардың қызығушылығы мен ата-аналар арқылы балалармен жұмыс істеудің жаңа түрлері мен әдістерін құру және енгізу;
- 5-6 жастағы балаларды бастауыш білім берудің алғашқы сатысына дайындау;
- қызметкерлердің балабақша үшін үлес қосқан еңбектерін марапаттау;
- қызметкерлердің шығармашылық дамуына жағдай жасау;
- қоғамымыздың әрбір мүшесінің құқығын қорғау.
Бүгінгі таңда, еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Адам тәрбиелеу – ең қиын да жауапты жұмыс. Сол қиындықты терең сезінетін, үлкен жүректі, ізгі ниетті адам ғана тәрбиеші бола алады. Ол үшін әрбір педагогтің бойында терең білім, өз ісіне деген төзімділік, мейірімділік, адамгершілік қасиеттері болу керек.
Балабақшамыздың жеткен жетістіктеріне тоқталар болсақ, 2018 жылы – МКҚК «Ясли-сад №165» Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы аудандық музыкалық IX «Балапан» байқауына қатысып I-орынмен марапатталды.
2018 жылы - МКҚК «Ясли-сад №165» меңгерушісі Амиралиева Зада Талиповна «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.
2019 жылы - МКҚК «Ясли-сад №165» Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы аудандық музыкалық X «Балапан» байқауына қатысып III-орынмен марапатталды.
2019 жылы - тәрбиеші Хасенова Мадина «Дарынды балаға қолдау көрсетіп оның биік белестерге көтерілуін қамтамасыз ету Ұстаздың біліктілігін көрсетеді, ұрпақ бойына тамаша тәлімді сіңіріп жатқан ерекше еңбегімен шығармашылығы» үшін Құрмет грамотасы және Төс белгісімен марапатталды.
2019 жылы - Бұқаралық ақпараттық құрал «Алматы» телеканалының қатысуымен Халықаралық Отбасы күніне орай, қала көлемінде «Ынтымағы жарасқан отбасы» Спорттық сайыс өтті.
2020 жылы - Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының "Шексіз талант" аудандық шығармашылық фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша - Бас жүлде, «Аспаптық музыка» номинациясы бойынша - Бас жүлде, «Көркем сөз, театр» номинациясы бойынша - I-орын, «ЭССЕ» номинациясы бойынша - І орынмен марапатталды.
2020 жылы – Мектепалды «Аққу» тобының бүлдіршіні Нұржанұлы Әлібек Аудандық байқауда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мәнерлеп оқудан «Қара сөздер» номинациясы бойынша - Бас жүлдені иеленді.
2021 жылы – ІІ қалалық мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық-шығармашылық «Пай, пай, балақай!» байқауының аудандық кезеңінде «Жезтаңдай әнші номинациясы бойынша Турсынова Айгуль І-орын, «Лучший декламатор» номинациясы бойынша мектепалды «Аққу» тобы, «Шебер қолдар» номинациясы бойынша ересек «Ақжелкен» тобы – Бас жүлде, «Балалар айтысы» номинациясы бойынша мектепалды «Күншуақ» тобы І-орынмен марапатталды.
2021 жылы - «Театрдың ғажайып әлемі» байқауынан «Көлеңке театры» номинациясы бойынша I-орынмен марапатталды.
2021 жылы - Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының "Шексіз талант" аудандық шығармашылық фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша – Бас жүлде, «Хореография» номинациясы бойынша І-орынмен марапатталды.
2021 жылы – «Көгершін» тобының тәрбиешісі Раванова Динара "Мамандығым- мақтанышым" атты байқауында II-орынды иеленді.
2021 жылы - "Бала тәрбиесі" журналы басылымы шығарылды.
«Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар...» атты Мұқағали оқуларының жеңімпазы мектепалды «Жұлдызә тобының бүлдіршіні Оспан Сезім ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы - Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының "Шексіз талант" V аудандық шығармашылық фестивалінде «Вокал» номинациясы бойынша - Бас жүлде, «Хореография» номинациясы бойынша І орынға ие болды.
2022 жылы ІІ қалалық мектепа жасына дейінгі тәрбиеленушілер мен педагогтердің Театрландырылған-шығармашылық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауынан «Бойшаң қуыршақтар» номинациясы бойынша ІІ-орынмен Мектепалды «Ақжелкен», «Аққу», «Құлпынай» топтары, «Фланелеграф театры» номинациясы бойынша ІІ-орынға ортаңғы «Қарлығаш», «Ботақан» топтары, «Бойшаң қуыршақтар» номинациясы бойынша ІІІ-орынды мектепалды «Бәйшешек», «Күншуақ» топтары марапатталды.
2022 жылы – ІІІ қалалық мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық- шығармашық «Пай, пай, балақай!» байқауынан «Лучший декламатор» - «Аңдардың көлдері» Санамақ жаныры бойынша мектепалды «Аққу» тобы, «Бал билері» - француз вальсі жанры бойынша мектепалды «Бәйшешек» тобы ІІІ-орын, «Хор әндері» – балалар әндері жанры бойынша мектепалды «Аққу», «Ақжелкен» топтары ІІ-орын, «Балалар айтысы» - жұмбақ айтыс жанры бойынша мектепалды «Күншуақ» тобы ІІ-орынмен марапатталды.
Мектепке дейінгі ұйымда патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарға байланысты мемлекеттік рәміздер күніне, тіл мерекесіне, қала күніне, «Елін сүйген Елбасы» тақырыптық оқу қызметтері, «Алтын күз», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздігім тірегім», «Қош келдің, жаңа жыл!», «Аналар мерекесі», «Жыл басы -Март», «Мәңгі есімізде» ертеңгіліктері, дене шынықтыру ойын-сауықтары және денсаулық күндері өткізіліп тұрады. Мерекелік ертеңгіліктерде ата-аналармен бірлесіп көрмелер ұйымдастырылады, 1-март «Алғыс айту» күніне қабырға газеттері, ашық хаттар жасалады. Осы жұмыстардың барлығына балалар, педагогтар, ата-аналар белсенді қатысады. Жыл бойы ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдарда болып жатқан мерекелерге, ойын-сауықтарға, жарыстарға өз ықыластарымен қол ұшын созады.
Балаларды мектепке дайындау сапасы
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі: балалардың білуге деген құмарлығын дамыту; балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту: балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту; тілдік қарымқатынасын дамыту (құрбы-құрдастармен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу). Балалардың санасында салауатты өмір салты жайлы түсінікті қалыптастыра отырып, балабақша қызметкерлері мен ата-аналары арасында тығыз байланыс орнатылған. Балалардың тамақтануына үлкен көңіл бөлінеді. Күнделікті тамаққа көкөністер, сүтті, балық тағамдары, тәтті тоқаштар, ірімшік, сапалы балғын жемістер, шырындар мен сусындар беріледі.
Балабақшада балалар денсаулығын жақсарту шаралары
Балабақшада балалар денсаулығын жақсарту үшін төмендегі әр түрлі кешенді іс-шаралар жүргізіледі: Йодтық тапшылықтың алдын-алу шаралары үнемі және жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Тұмаудың алдын-алу шаралары: оксолиндік жақпа майы, лимон сусыны, пияз, сарымсақ алқасы. Балалар денсаулығын жақсарту бойынша медициналық алдын-алу кеңесінің жүйелі жұмысы бала денсаулығының күшеюіне ықпал жасайды, әсіресе жиі ауыратын балалар тобымен жүргізілген жұмыс нәтижесін айта кету керек.
Науқастану және қатысу қорытындысы
Оқу жылы | ||||
2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |
Орындалған күндер | 76699 | 82801 | 43283 | 65847 |
Науқастық күндер | 8504 | 7551 | 3443 | 7147 |
Суық тиіп ауырған балалар | 8320 | 7410 | 3443 | 6915 |
Жалпы науқас көрсеткіші | 8504 | 7551 | 3443 | 7147 |
Аурудың пайыздық көрсеткіші | 11% | 9% | 8% | 11% |