Лауазымдық міндеттер » КМҚК "N165 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№165 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 227-48-90
Әдіскер:
+7(727) 227-48-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қазан
2023

Лауазымдық міндеттер

https://www.instagram.com/reel/Cyd0NeaNOyV/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=ODhhZWM5NmIwOQ==
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі
Лауазымдық міндеттері. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін
қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас
ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес
педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады,
балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және
т.б.) жетекшілік етеді.
Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды. Дамуында
ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе
жұмыс жасайды; жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді
зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім
беру жұмыстарын жоспарлайды. Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді
қорытындылай отырып жоспарлайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда
дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын
қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге
асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке
жұмыс жүргізеді.
Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік
ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің
жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған
сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын
қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы
меңгереді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа
да нормативтік құқықтық актілері.

Похожие публикации:

22 сәуір 2022 4-қосымша
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив