Оқу-материалдық активтер
6. Оқу-материалдық активтер
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігі және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, балабақшаның материалдық-техникалық қоры жаңа заманауи талаптарға сай. Топ бөлмелері балалардың жас ерекшелігіне сай ескеріліп, жабдықталған, дамытушы орталарға бөлінген, жаңа дизайнмен безендірілген. Балабақша мұздатқыштарымен, технологиялық құрал-жабдықтармен, жиһаздармен және төсек әбзелдері, орамалдармен түгелдей жабдықталған. Балалардың көңіл-күйінің қалыпты жағдайда болуына арналған психолог, дефектолог бөлмесі бар. Музыка оқу қызметін сапалы жүргізуге музыка залы толығымен жабдықталған. Сонымен қатар дене шынықтыру залы да балаларға ыңғайланып, барлық спорттық құралдармен жабдықталған. Балабақша ауласында көлеңке түсіретін бастырма, ойын жабдықтары және құммен ойнайтын орындар орналастырылған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, яғни гүлдер мен гүлзарлар, ағаштар көп отырғызылған. Дене шынықтыру алаңы секіруге, жүгіруге, еңбектеуге және тепе-теңдік сақтауға арналған жаңа құралдармен жабдықталып, толықтырылды.
Ас бөлмелері арнайы технологиялық құралдармен жабдықталған. Бөлме ішінде ауа алмасу құрылғысы жұмыс істейді. Арнайы жеке ет, көкөніс, тағам саласына қарай тоңазытқыштар, қамыр, бакалея бөлімдері арнаулы белгімен белгіленген. Тағам дайындайтын электр плиталары жүйелі түрде жұмыс істейді. Шикі тағам өнімдерін қабылдағанда оларды өлшейтін арнайы электронды таразы бар. Мұнда барлығы бірінші өлшеніп, одан ары қарай қоймаға өтеді. Шкафтар мен тоңазытқыштар жеткілікті, қоймада стеллаждар қойылған. Барлық азықтүліктерге сәйкестік куәлігі бар. Азық-түлік әкелетін кәсіпкерлермен келісім шарт жасалынған. МКҚК № 165 балабақшасында балалар 4 рет тамақтанады. Екінші тамаққа дәрумендер қосылады.
Кір жуатын бөлмеде, әр топтың кір төсеніштері қабылданып арнайы себетке салынуда. Кір жуатын 4 кір жуғыш автомат машина орналасқан, оның біреуі арнайы карантинге арналған және ванна орналасқан, сондай-ақ кір орамалдарды жібітуге арналған және карантин кезіндегі орамалдарды дезинфекциялауға арналған ыдыс бар. Мектепке дейінгі мекемедегі баланың денсаулығын демеу және сақтау қорларының талабы мектепке дейінгі нормативтік құжаттарға сай келеді.