Ғылыми зерттеу жұмысы » КМҚК "N165 бөбекжай-балабақшасы"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №165»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Заведующий:
+7(727) 227-48-90
Методист:
+7(727) 227-48-29
Версия для
слабовидящих
22
апрель
2022

Ғылыми зерттеу жұмысы

9. Ғылыми зерттеу жұмысы 

Педагогикалық еңбек - нағыз шығармашылық еңбек, ғылыми зерттеуге жатады. Педагогикалық ұжымның қызметіндегі бұл бағыт көп салалы және педагогты шығармашылық еңбекке деген құштарлығын арттыру, ғылымға ынталандыру, ұжымда мәртебелік жағдайын арттыру үшін маңызды болып табылады. Педагогтар ғаламтордағы әр түрлі ақпараттарды, өз әріптестерінің тәжірибелерін оқып өз білімдерін көтереді. Педагогтардың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін жинақтау, зерттеу барысында тәрбиешілердің іс-тәжірибелері басылымдарға жарияланды. 

2019 жылы Халықаралық әмбебап «Дала» журналына балабақша педагогтерінің еңбектері жарияланды. 

2019 жылы «Игілік» республикалық жанұялық журналына балабақша педагогтерінің ішінара сайысы жарияланды. 

2021 жылы «Бала тәрбиесі» Республикалық қоғамдық, педагогика-психологиялық журналына балабақша педагогтерінің еңбектері жарияланды. 

2021 жылы «Бала мен балабақша» республикалық педагогикалық журналына педагог мамандардың мақалалары жарияланды. 

2021 жылы «Жаңа бағыт – инновациялық ізденіс» атты әдістемелік құралы педагог Ж.Б. Апсенова мен М.Н. Молдабаеваның еңбегі жарық көрді.

2021 жылы «Мектепаке дейінгі білім беру ұйымында түзету логопедиялық жұмысын жетілдіру жолдары» атты оқу әдістемелік кешен, педагогдар: Мусаева С.Н., Габденова Г.С., Раванова Д.О. еңбегі жарық көрді.

2021 жылы «Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінде ойын іс-әрекетінің педагогикалық-психологиялық маңыздылығы» атты әдістемелік кешен, педагогтар: Омарова А.Н., Жиенбаева С.М., Сапарбекова Э.А. еңбегі жарық көрді.

2021 жылы «Ертегі – тәрбие көзі» атты әдістемелік құрал, педагогтар: А.А. Аманбаева, Г.Т. Калиева еңбегі жарық көрді.

2021 жылы «Дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» атты әдістемелік құрал, педагогтар: У.У. Узакбаева, Ә.Н. Нұрмұхан еңбегі жарық көрді.

2022 жылы МКҚК «Ясли-сад №165» -ның меңгерушісінің Оқу әдістемелік кешені «5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» атты тақырыбында еңбегі жарық көрді.

МДҰ-да ғылыми-тәжірибе әдістемесі-педагогтардың бірлесе әдістемелік сұрақтары және кәсіби мәселелерді бірлесе талқылауы, іс-тәжірибелерді өзара бөлісуі, жас педагогтарды үйрету болып табылады. Әрбір ғылыми қызмет тәжірибеден басталады. Сондықтан, жұмысты жоспарлап, өткізу үшін әр педагогтың белгіленген білімі болуы керек және талдау, зерттеу, дағдыларын білуі керек. 

Бүгінгі күні педагогтердің алдына қойылған міндет: белсенді, білуге құмар еліміздің ертеңі - жас ұрпақты тәрбиелеу. Қазіргі уақытта білім беру тәжірибесінде баланың танымдық әрекеті басым бағытқа ие болатын бала дамуының жаңа моделіне көп көңіл бөлінуде. Жобалау зерттеу әрекеті бала жаратылысына және тәрбие мен оқытудың заманауи талаптарына неғұрлым толығырақ сәйкес келетін зерттеу проблемалық, шығармашылық әдістер жиынтығын қамтитын инновациялық әрекет болғандықтан, ұжым педагогтері өз жұмыстарында, оқу қызметтерінде жобалау зерттеу әрекетін қолдану тиімділігін көрсетті. 

Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершіліктің асыл қасиеттерін қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы ретте ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы балабақшадағы тәлім-тәрбиеге байланысты екені анық. Барлық уақытта баланы қоғамда әдемі, инабатты әдептілікке тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлген. Бағдарламада балалармен, ата-аналармен, педагогтармен жұмыс бағыты, түрлері мен әдістері көрсетілген. 

Педагогтардың қызмет сапасы тиімділігінің көрсеткіші кәсіби мәдениет болып табылады. Наш коллектив қызметінің басты бағыты-жалпы және кәсіби мәдениетін дамыту. Балабақша педагогтарының кәсіби дамуы адамның өз кәсібінің шебері, нағыз кәсіби шебері болып қалыптасу мақсатында жүретін ұзақ үрдіс. 

Наш коллективда бұл жұмыс әр педагогқа оның шығармашылық еңбекке ынтасы, табиғи қабілеті, ой-пікірі, еңбек тәжірибесі есепке алына отырып, дифференциялды бағдар деңгей ретінде ұйымдастырылған түрлі бағдарламалар қолданылады: 

 -сенімді жұмыс атқаратын педагогтар; 

-ерекше бақылау мен көңіл аударуды талап ететін педагогтар; 

-тәжірибесі мол әріптестерінің көмегіне иек артатын жас педагогтар. 

Педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, психологиялық тренингтер, семинар және басқа да жұмыс түрлері өткізіліп, балабақшадағы педагогтармен жүйелі жұмыс жүргізіледі. Дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге, белсенді тәсілдер, іскерлік ойындар, пікір-сайыс, дөңгелек үстел, ойға шабул, шеберліктерін көрсету сияқты әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Осындай жұмыстың түрлері педагогтардың шеберлігін арттыруда, өзін-өзі бағалауға, әдеби кітаптарды өз жұмысына пайдалана білуіне, ізденімпаздықтарын арттыруға жетелейді. Педагогтардың шығармашылық мүмкіншіліктеріне кәсіби өсу деңгейін, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық мәдениетін, шығармашылығын анықтау үшін мониторинг көрсеткіштері жүргізіледі.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив